Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада шаңғы жарысынан алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Әйелдер арасында скиатлон бағдарламасында (10 км+10 км) екі отандасымыз сынға түсті. Отандасымыз Ксения Шалыгина мәреге 53-ші болып жетсе, Надежда Степашкина 60-сатыға жайғасты. Бүгін жарыс жолына барлығы 70 атлет шықты.
Бұл дисциплинада спортшылар алғашқы 10 шақырымды классикалық стильде жүріп өтеді. Ал қалған бөлікті пит-стопта шаңғы ауыстырып, еркін мәнерде бағындырады.
Бүгінгі жүлдегерлер мынадай, скиатлон:
1. Фрида Карлссон (Швеция)
2. Эбба Андерссон (Швеция)
3. Хейди Венг (Норвегия)
Енді ертең Астана уақытымен сағат 13:15-те ерлер арасында скиатлон (10 км+10 км) жарысы басталады. Айта кетейік, шаңғы жарысынан осы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынады.
XXV қысқы олимпия ойындары 22 ақпанда мәресіне жетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1157004?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау