Тас жолдағы велоспорт: Қазақстан Құрамасы Азия чемпионатында тағы бір жүлде еншіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында біздің команда қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті.

Бүгін элита санатындағы командалық жарыста (микст) Ұлттық құрама спортшылары мәреге 2-ші болып келді. Жарыс жолына Рината Сұлтанова, Мансұр Бейсембай, Мария Елькина, Евгений Фёдоров, Ангелина Буренкова, Николя Винокуров шықты.

Аралас командалық жарыс, 31.6 км, нәтиже:

1. Гонконг Қытай

2. Қазақстан құрамасы

3. Қытай

Айта кетейік, кеше ерлер арасында 31 шақырымға уақытқа жарыста Азия ойындарының жеңімпазы Евгений Фёдоров алтыннан алқа таққан. Ал тағы бір отандасымыз Николя Винокуров күміс медаль иеленген. Сонымен қатар U23 санатында 24.6 шақырым жарыста Мансұр Бейсембай құрлық чемпионы атанды.

Биылғы бәсеке 12 ақпанда мәресіне жетеді. Қазір ересектер (элита) мен U23 жас санатын қоса алғанда Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын мен 2 күміс жүлде бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1157003?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version