Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рига, 2026 жылғы 9 ақпан – Рига қаласында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Латвия стиведор компаниялар қауымдастығы мен Латвия темір жолы бірлесіп ұйымдастырған “Латвия-Қазақстан” бизнес конференциясы өтті.

Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша негізгі халықаралық “торап” ретіндегі Қазақстанның транзиттік және көліктік әлеуетінің тұрақты дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанда жаңа темір және автокөлік жолдарын пайдалануға беру, заманауи көлік-логистикалық орталықтарды салу және тиімді цифрлық экожүйе құру бойынша қабылданып жатқан шаралардың дер кезінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Қазақстандық дипломат “Бұл Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын кеңейту және тереңдету үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды” деп атап өтті.

Латвия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андулис Жидковс елдің дамыған порт және теміржол инфрақұрылымы негізінде көлік және логистика саласындағы екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол Үкіметтің халықаралық жүк транзитінің көлемін арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді. Андулис Жидковс “олардың ішінде қазақстандық өнімдердің үлесі айтарлықтай” деп атап өтті. Осыған байланысты ол мультимодальды логистикалық бағыттарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Іс-шараға қатысушылар көлік саласындағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс-жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасып, жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.

Конференцияға Латвия Республикасы Көлік министрлігі мен Кеден қызметінің басшылығы, сондай-ақ екі елдің бизнес және салалық қауымдастықтары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1157932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version