Бүгінде Қазалы ауданында 51 мектепке дейінгі білім беру ұйымы болса, оның 19-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік балабақша, ал, қалған 16-сы мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар. Аталған балабақшаларда аудан бойынша барлығы 3734 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Аудандық білім бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілеріне мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне басымдық беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы еңбек адамын қолдау – әлеуметтік тұрақтылықтың басты кепілі екенін айтып, ұжым қызметкерлерінің еңбек құқықтары сақталып, қызметкерлердің айлық жалақысының уақытылы әрі толық көлемде төленуін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1160665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау