«Елтану» жобасы аясында «Қазақстанның мақтаныштары» тақырыбында викторина өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елтану жобасы аясында “Қазақстанның мақтаныштары” тақырыбында викторина өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» жобасы аясындағы «Тұлғатану» шағын жобасы шеңберінде Қамысқала ауылдық округінің «Алакөл орта мектебі» КММ оқушыларымен «Қазақстанның мақтаныштары» тақырыбында танымдық викторина ұйымдастырылды.

«Тұлғатану» шағын жобасының мақсаты – Қазақстанның көрнекті тұлғаларының, яғни мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ойшылдардың, ғалымдардың, жазушылардың, инженерлердің, еңбек адамдарының, шығармашылық қауым өкілдерінің, сондай-ақ елдің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан түрлі этнос өкілдерінің өмір жолын зерделеу және дәріптеу.

Жоба жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, отандастардың бойында мақтаныш сезімін және мемлекет тарихына құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстанның өркендеуіне елеулі үлес қосқан әртүрлі этнос өкілдерінің жарқын үлгілері арқылы оқушылар патриотизмге және жалпыазаматтық бірегейлікке тәрбиеленеді.

Викторина барысында қатысушылар Қазақстанның ғылым, мәдениет, әдебиет, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы белгілі тұлғалар туралы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін пысықтады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1160664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version