8 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ АВТОКӨЛІК ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу-Аюлы ауылында Шет ауданының медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеретін салтанатты шара өтті. Аудандық орталық аурухананың автопаркі 8 бірдей жаңа мамандандырылған көлікпен толығып, олардың кілттері тиісті мекемелерге табысталды.
Аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл қадам халықтың денсаулығын нығайту мен жедел көмек сапасын арттырудағы маңызды белес екенін атап өтті.

Ақсу-Аюлы мен Ақадыр кенттеріне заманауи жедел жәрдем көліктері берілсе, санитарлық автокөліктер келесі ауылдарға жол тартты:
🔹 Мойынты дәрігерлік амбулаториясы;
🔹 Өспен дәрігерлік амбулаториясы;
🔹 Сәкен Сейфуллин кентінің дәрігерлік амбулаториясы;
🔹 Красная Поляна дәрігерлік амбулаториясы;
🔹 Ақсу-Аюлы мен Ақадыр подстанцияларының қосымша резервтері.

Бұл — әрбір ауыл тұрғыны үшін сапалы әрі жылдам медициналық көмектің қолжетімді болуының кепілі. Ақ халатты абзал жандардың еңбегіне сәттілік, ал жаңа көліктер халық игілігіне ұзағынан қызмет етсін дейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1161768?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version