ӘЛІМТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТТЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әлімтау ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың соңғы бір жылда атқарған жұмыстарының қорытындылары ұсынылып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер баяндалды.
Жиынға қатысқан тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Тиісті сұрақтар бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, тұрғындарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалды. Әрбір көтерілген мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, түсіндірмелер берілді.
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Н. Танабаев қатысып, тұрғындар көтерген мәселелердің депутаттық бақылауда болатынын атап өтті
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1161767?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау