СПОРТШЫМЫЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ 🥇

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында асық ату спортынан Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР спорт шебері Мырзамұрат Холмұратұлы Қайыпбековтың құрметіне арналған республикалық турнир өтті.

Аталған додада бақ сынаған жерлесіміз Рақымжан Мейір Нұрғалыұлы жоғары дайындық пен шеберлік көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды иеленді.

Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып, өңір намысын абыроймен қорғаған спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Мейір Нұрғалыұлына алдағы уақытта да спорттық биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.

Ел намысын асқақтатар жас буынның жеңісті жолы жалғаса берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1161766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version