VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІІ сессиясын шақыру туралы
VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІІ сессиясы 2026 жылғы 20 ақпанда 10:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- «Қарағанды қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы ХV сессиясының № 124 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қарағанды қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы ХV сессиясының № 125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы ІХ сессиясының № 99 «Қазыбек би атындағы ауданда және Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы XLVIII сессиясының «Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы «Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 192 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1160801?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау