VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІІ сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІІ сессиясын шақыру туралы

 

         VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІІ сессиясы 2026 жылғы 20 ақпанда 10:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. «Қарағанды қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы ХV сессиясының № 124 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Қарағанды қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы ХV сессиясының № 125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы ІХ сессиясының № 99 «Қазыбек би атындағы ауданда және Әлихан Бөкейхан ауданында Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы XLVIII сессиясының «Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы «Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 192 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Қалалық мәслихат  төрағасы                                                      А. Бөкенов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1160801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді