Ақтау қаласы аумағында заңсыз орналастырылған кәсіпкерлік нысандарын анықтау және оларды жою бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Тексеру іс-шараларының нәтижесінде 11-шағын аудан №8 тұрғын үйдің және 12-шағын аудандағы №56 тұрғын үйдің маңында заңсыз орналастырылған кәсіпкерлік нысандар анықталды. Аталған деректер бойынша нысан иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, заң аясында шаралар қабылданды. Нәтижесінде заңсыз орнатылған дүңгіршектер алынып тасталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар қала аумағында сәулеттік келбетті сақтау, санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1164513?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау