Алматыда 9 білім беру нысанын салу және құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді.
Аталған жобалар Түрксіб, Алмалы, Алатау, Жетісу және Наурызбай аудандарындағы мектептерді қамтиды.
Сонымен қатар Бостандық ауданындағы «Дарын-1» шағынауданында 900 орындық шығармашылық мектебінің құрылысын аяқтауға және қолданыстағы мектептерге қосымша ғимарат салуға қаржы қарастырылған. Мамыр айында «Алғабас» шағынауданында жатақханасы бар инновациялық техникалық колледжді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету – Алматы қаласының бюджет саясатының басты басымдықтарының бірі», – деді Бауыржан Құдайбергенов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1164514?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау