Маңғыстау облысында әр аудан мен қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу, халыққа әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ ара-құқықтық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында профилактикалық кабинеттер жұмысын бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кабинеттердің қызметі Маңғыстау облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмыс координациясы басқармасы арқылы ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Кабинеттердің жұмысы азаматтардың проблемаларын кешенді және бағытталған тәсілмен шешуге негізделген.
Профилактикалық кабинеттердің құрамына келесі мамандар кіреді:
-
Психологтар — дағдарыстық жағдайларда, отбасы дауларында, сондай-ақ тәуекел тобына кіретін жасөспірімдермен жұмыс жүргізеді;
-
Дәрігер-наркологтар — алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу, консультация және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
-
Медициналық қызметкерлер — алғашқы консультацияны қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда профильдік мамандарға бағыттайды;
-
Әлеуметтік қызметкерлер — жағдайы қиын отбасылар мен қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді;
-
Полиция қызметкерлері — құқықтық кеңес береді, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді және ара-құқықтық өзара іс-қимылды үйлестіреді.
Профилактикалық кабинеттерді ашу азаматтардың проблемалық жағдайларын уақытылы анықтауға, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1164515?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау