Білім басқармасының басшысы жұмыс сапарымен Ырғыз ауданына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева білім беру инфрақұрылымының жай-күйімен және саладағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ол Кұмтоғай орта жалпы білім беретін мектебіне, көркемсурет мектебіне және Ырғыз гимназиясына барды. Әр білім беру ұйымында Бұлбұл Күзембаева оқу үдерісінің ұйымдастырылуын бағалап, кабинеттер мен оқу бөлмелерін аралап көрді, сондай-ақ білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жасалған жағдайларға назар аударды.

Жаңа нысандардың құрылысына ерекше көңіл бөлінді: басқарма басшысы Қалыбай негізгі орта мектебінде болып, құрылыс жұмыстарының барысымен, орындалған жұмыстардың сапасымен және белгіленген мерзімдердің сақталуымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша, өткен жылы ауданда білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілгені атап өтілді. 2025 жылы алты мектеп заманауи пәндік кабинеттермен толық жабдықталды, сондай-ақ Қарасай және Қарақұдық бастауыш мектептерінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына заманауи әрі қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1164640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version