Қалалық көпбейінді ауруханада медициналық ұйым қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформаны түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Жиынға Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Каналиев төрағалық етті.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, қабылданған өзгерістердің мәні мен маңызы, олардың қоғамдық даму мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Спикерлер қатарында:
- Гүлжанар Шукеева – Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары,
- Мақсот Берген – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері, қоғам қайраткері,
- Қуандық Мәдiр – Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК Көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің аумақтық төрағасы болды.
Спикерлер өз баяндамаларында Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңызын атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер ұжымдар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және мемлекеттік реформалардың мазмұнын кеңінен жеткізуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1164637?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау