Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Елтай ауылдық округі әкімі Әділбек Қазбекұлы ашық алаңда Сарыбұлақ ауылы тұрғындарымен жоспарлы есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округ әкімі 2025 жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру, жол жөндеу, санитарлық тазалық, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бағытында жүргізілген шаралар туралы баяндама жасады. Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары тарапынан жер қатынастары, көше жарығы, жол сапасы, әлеуметтік көмек, ауыз су және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір көтерілген мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жолдары талқыланды. Кездесу соңында округ әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері алдағы жұмыс жоспарын қалыптастыруда ескерілетінін атап өтіп, халықпен кері байланыстың маңыздылығына тоқталды. Осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1164539?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау