КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МӘСЛИХАТ ЕСЕБІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Көктерек ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен кездесу өткізді.
Жиын барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары сараланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы міндеттер таныстырылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдары қаралды. Әрбір мәселе заңнама талаптарына сәйкес түсіндіріліп, шешу жолдары айқындалды.
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаты Қ. Әділбеков қатысып, көтерілген мәселелердің орындалуы депутаттық бақылауда болатынын жеткізді.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1164701?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау