Кеншілер мәдениет сарайында орналасқан «Сарыжайлау» кинозалы жұмысын тоқтатқаннан кейін қайтадан көрермендерді қабылдауға дайын. Алғашқы көрсетілімдер 19 ақпаннан басталады.
Кинотеатр жұмысын уақытша тоқтатқан кезде залда техникалық тексеру жүргізіліп, жабдықтар жаңартылды, бұл фильм тамашалауда көрермен ыңғайлығын арттырмақ.
Бұрын «Сарыжайлау» кинотеатры тәуелсіз мекеме ретінде қызмет атқарса, қазір ол Кеншілер мәдениет сарайының құрамына кіреді және кинозал форматына көшті.
Жұмыс бағытында әлеуметтік мәні бар кинокөрсетілімдерді дамыту басты назарда болады. Репертуарда мемлекеттік тілдегі фильмдерге, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, отандық киноны қолдауға және мазмұнды мәдени кеңістікті қалыптастыруға арналған туындыларға басымдық берілген.
Сонымен қатар көрермендерге тұрақты түрде премьерлік, отбасы және балалар фильмдері ұсынылатын болады.
Сеанстарға билеттерді мекеменің кассасынан немесе электрондық сервис арқылы сатып алуға болады.
Балаларға арналған билет құны 300 теңге, студенттік – 500 теңге және ересектерге – 800 теңге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1164702?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау