Мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы «Әдістемелік десант» акциясы аясында кезекті әдістемелік көмегін көрсетті.

Саран қаласындағы тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тілді оқытуға жауапты әдіскерімен кездесу барысында мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда:

– оқу-әдістемелік кешенді тиімді қолдану (стандарт, лексика-грамматикалық минимум, оқу құралдары);

– мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастыру барысында әдіскер толтыратын құжаттар жүйесі;

– мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдістемелік іс-шараларды жоспарлау жолдары;

– ересектерге қазақ тілін оқытқанда сабақ үдерісінде ескерілетін мәселелер.

Сонымен қатар орталық тарапынан қандай бағытта әдістемелік өнімдер әзірлеу қажеттігі де назардан тыс қалмады. Оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында өзара тәжірибе алмасудың берері мол.

Мұндай әдістемелік қолдау жұмыстары тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге оң ықпал етпек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1165044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version