17.02.2026 жылы уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілінің 2025 жылы атқарған жұмыстары, ҚР жаңа Ата Заңының жобасы, 2026 жылға арналған Сараптамалық кеңестің жұмыс жоспары, сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелерін қайта қарап тізімін бекіту мәселелері қарастырылды.
Сараптамалық кеңеске Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Түркістан облысы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің өкілі, «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Б. Жандосова; Шымкент қаласы білім басқармасының «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы А. Пахынбетов; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD докторы Е. Бекбосынов; Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК емхана меңгерушісі Г. Нурбекова; Шымкент қаласындағы инклюзивті балаларға арналған «Асыл бала» түзету орталығының және «Алиар» халықаралық академиясының құрылтайшысы Г. Усенова; «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар аналары қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Кенжетаева; Шымкент қаласы және Түркістан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінен Д. Айтбай қатысты.
Кеңес барысында адам құқықтарын қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын нығайту мәселелері кеңінен талқыланып тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылдады.
Сараптамалық кеңестің жұмысы алдағы кезеңде де жүйелі түрде жалғасып, құқық қорғау және әлеуметтік қолдау саласындағы тиімді тәжірибелерді қалыптастыруға үлес қосатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1165043?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау