2026 жылғы 12 ақпанда Қостанай облысының прокуратурасында ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қылмыс және тергеу сапасы мәселелері қаралды.
Есепті кезеңде өңірдегі қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 21%-ға төмендеді. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үрдісі байқалады.
Ұрлық, интернет алаяқтық, есірткі қылмыстары, жол-көлік оқиғалары, қоғамдық орындардағы, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар, сондай-ақ адамдар тобы жасаған қылмыстар санының төмендеуі тіркелді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында облыс прокуратурасының бастамасымен «Айқын нәтиже» «Пробация үйі», «Жаңа өмірге жол», «Бала QORGAU» және «Алаяқтардан қорғау» жобалары іске асырылуда.
«Айқын нәтиже» жобасы аясында Қостанай және Рудный қалаларында иелері жүйелі түрде тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпейтін және құқық бұзушылықтарға жол берген мекемелер анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша бес объектінің қызметі тоқтатылды: Қостанай қаласында – «Forty four» клубы, «B12» бар, «Major cyber lounge» компьютерлік клубы; Рудный қаласында – «Алладин» және «AVA Cyberclub» компьютерлік клубтары.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, өңірде бұрын сотталған адамдар мен өтелмеген соттылығы бар адамдар жасаған қылмыстардың өсуі байқалды. Олар 51 құқық бұзушылық жасады, 12 жағдайда рецидив анықталды.
Қайта қылмыстың негізгі себептерінің бірі- Жұмыспен қамтудың болмауы.
Осыған байланысты, 2026 жылғы 27 қаңтарда прокуратураның үйлестіруімен облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Осында және қазір жұмысқа орналастыру» акциясы өткізілді.
Іс-шараға 100-ден астам жұмыс беруші кәсіпорын, 22 Оқу орталығы және 20-дан астам үкіметтік емес ұйым қатысты. Жалпы қамту бұрын сотталған 900-ден астам адамды құрады.
Бұдан басқа, соттар Қылмыстық Кодекстің 44 бабының қосымша міндет-тұрақты жұмыс немесе оқу болмаған кезде жұмыспен қамту органдарында міндетті тіркеуді жүктеу бөлігінде ережесін іске асырады. Жыл басынан бері сот мұндай міндетті төрт сотталушыға жүктеді.
Облыс прокуроры М.И.Сексембаев қалалар мен аудандардың прокурорларын құқық қорғау органдарының ардагерлерін, еңбегі сіңген спортшылар мен қоғам қайраткерлерін тарта отырып, проблемалы жастар арасында мотивацияны арттыруға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге қабілетті профилактикалық жұмыстарды жандандыруға шақырды.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа заңның ережелерін ескере отырып, облыс прокуратурасының органдары уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруді күшейтеді.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1165666?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау