ҚҰРКЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Құркелес ауылдық округінде Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы тұрғындар алдында бір жылдық атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер кеңінен баяндалды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары Ж. Косалиев, Қ. Ағабеков, Е. Бекназаров, Қ. Пердекулов, Р. Насиров қатысып, көтерілген мәселелердің орындалуы назарда болатынын атап өтті.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1165668?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау