Қауіпсіздік: оқу дабылы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға және персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспары шеңберінде Көкшетау қаласының жоғары медициналық колледжінде өрт шартты түрде туындаған кезде оқу-жаттығу эвакуациясы жүргізілді. Іс-шара жоспарлы сипатта болды және өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға, ескерту жүйесінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ шұғыл қызметтер мен нысан құрылымдарының өзара іс-қимылына бағдарланды. Жаттығу барысында Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары, Апаттар медицинасы орталығының мамандары, сондай-ақ оқу орнының қызметкерлері мен жауапты құрылымдары жұмылдырылды. Эвакуация процесінде адамдарды ғимараттан жедел шығару, қауіпсіз аймақтарға қозғалыс бағыттарын сақтау және жауапты тұлғаларды үйлестіру бойынша іс-шаралар пысықталды.барлығы 200-ден астам адам, оның ішінде студенттер эвакуацияланды. Оқу-жаттығу штаттық режимде өтті, қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1165462?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version