Жетісу қорғанысты күшейтуде: су тасқыны кезеңіне арналған кешенді шаралар жүзеге асырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Жетісу өңірінде 2026 жылға арналған су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Жетісу облысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары алдын ала басталды. Инженерлік және алдын алу іс-шараларының кешені 2025 жылдың көктем–жаз айларында өңірді дамыту жоспарлары аясында және елді мекендерді су басу қаупін азайту мақсатында қолға алынды.

    Жалпы саны 24 су тасқынына қарсы іс-шара орындалды. Атап айтқанда, су тасқыны қаупі бар учаскелерде 14 шақырым су бұру арналары орнатылып, тазартылды, 3 шақырым қорғаныс дамбаларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, өзендер мен каналдардың 11 шақырым арналары механикалық тазартудан өткізілді. Сонымен қатар, 13 шақырым өзен арналары тереңдетіліп, жағалаулары бекітілді.

   Қабылданған инженерлік шаралардың нәтижесінде облыстағы 17 елді мекеннің су басу қаупі едәуір төмендеді. Атқарылған жұмыстар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылым нысандарын қорғауға және көктемгі су тасқынының ықтимал салдарын азайтуға бағытталған.

  Дайындық жұмыстары жалғасуда және тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1165461?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version