САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРҚЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРҚЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына депутаттар толық құрамда қатысып, күн тәртібіндегі маңызды мәселе қаралды.
 
Күн тәртібіне енгізілген Сарыағаш аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау мәселесі жан-жақты талқыланды. Ұсынылған кандидатуралар заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті қорытындылар жасалды.
 
Сессия отырысын мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді. Жиынға аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы қатысып, қаралып отырған мәселе бойынша пікір білдірді.
 
Талқылау нәтижесінде аталған мәселе депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
 
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1165690?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version