САРЫАҒАШ: САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының Самал-3 шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерімен кездесу барысында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес барлық жұмыстар сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екенін қатаң ескертті. Сонымен қатар, ауыз су жүйесін тарту кезінде қолданылатын материалдардың сапасы, құрылыс қауіпсіздігі және техникалық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды. Келесі кезеңде аудан әкімі құрылыс барысында туындауы мүмкін өзгерістерді талқылау үшін техникалық кеңес отырысын ұйымдастыруды тапсырды.

 

Қазіргі таңда,  су құбырларын тарту жұмыстарының 50%-ы орындалды. Сондай-ақ, 2000 м³ көлеміндегі су қоймасын  бетондау  жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталған. Жобаның тапсырыс берушісі – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ал мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1165689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version