САРЫАҒАШТА ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысып, кәсіп иелерімен мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесу барысында аудан басшысы жергілікті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтіп, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, сапаны арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу – өңір экономикасын нығайтудың басты бағыттарының бірі екенін жеткізді.

 

Алдымен аудан әкімі Береке елді мекеніндегі жеке кәсіпкер «Мейірбек» наубайханасына барды. Кәсіпкер өз ісін 2026 жылы бастап, бүгінде нан өнімдерінің 11 түрін шығарып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 2000 дана өнім өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайын өнімдер аудан көлемінде және көршілес аудандарда сұранысқа ие.

 

Сонымен қатар, аудан басшысы жеке кәсіпкер Нұрымбет Әбеевтің сүт өнімдерін өңдейтін цехының жұмысымен танысты. 2022 жылы іске қосылған өндіріс орны тәулігіне 3 тонна сүт өңдей алады. Кәсіпорында 4 адам тұрақты, 10 адам маусымдық негізде еңбек етуде. Өнімдер республика көлемінде саудалануда. Кәсіпкердің айтуынша, биыл наурыз айында тәжірибе алмасу мақсатында өзге өңірлерден білікті мамандар келіп, өндіріс үдерісін жетілдіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарланған.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1165688?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version