Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Жанама ауылдық округі әкім аппараты” мемлекеттік мекемесі мамандарының ұйымдастыруымен Жетісу облысы әкімдігінің бекітілген облыстық кешенді медиа жоспары аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – неке мәжбүрлеудің, сталкингтің және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары және құқық қорғау тетіктері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, құқықтық кеңестер беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Іс-шараның басты міндеті – қоғамда заңға құрметті арттыру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1166013?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version