Медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында бірқатар талаптар көзделгенін атап өткен жөн.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы маманының тиісті сертификаты болған кезде және клиникалық практикаға белгіленген тәртібі сақталған кезде ғана медициналық көмек көрсете алады.
Мұндай рұқсатты алу үшін шетелдік мамандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы No ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттеріне білім туралы, еңбек және кәсіптік қызметін растайтын құжаттарды, кәсіптік даму құжаттарын және кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жібереді.
Шетелдік маман сертификатын алу үшін медициналық білімі бар жеке тұлға жоғарыда аталған бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Сонымен қатар, шетелдік мамандар сертификаттау кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік мамандарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органынан алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұсынуы тиіс.
Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетіне» немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберілендерді қоспағанда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған шетелдік мамандар, тану қағидаларымен бекітілген білім және (немесе) біліктілігін тану туралы құжаттармен сертификаттауға жіберіледі. Бұл талаптар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасына кепілдік беруге бағытталған. Рұқсат құжаттары жоқ мамандарға жүгіну диагностика мен емдеудегі қателіктерге, сондай-ақ пациенттердің құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен 2025 жылы клиникалық практикаға жіберу үшін 13 шетелдік маманға маман сертификаты берілді.
Осыған байланысты, медициналық ұйымдарға клиникалық практиканы (консультация, диагностика және емдеу жүргізу) жүзеге асыру үшін шетелдік медицина мамандарын шақырту барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын алдын ала қамтамасыз ету және қажетті рұқсат құжаттарының болуына назар аудару ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1166012?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау