Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 ақпанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Л. Габдуллина Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан филиалының ұжымында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сөз сөйлеу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдерге қатысты некеге, сталкингке және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне нөлдік төзімділікті ақпараттандыру жөніндегі ақпараттық компанияның тұжырымдамасы түсіндірілді. 

Сондай-ақ, некеге мәжбүрлеуге, ұрлауға жол бермеуге, әйелдерге, қыздарға құрметпен қарауға, ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ және біздің мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін зорлық-зомбылықтың өзге де түрлеріне назар аударылды.

Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. 

 #Qurmet         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1166261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version