Брифинг спикері: Мухамбетқали Есет Батырханұлы – «Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Құрылыс саласы бойынша 2025 жыл – негізгі көрсеткіштер
• Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі – 148,6 млрд теңге, НКИ – 120,1%
• Пайдалануға берілген тұрғын үй – 22 582 ш.м., өткен жылға – 103,1%
Негізгі нысандар
• Хромтау қаласында жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Мердігер – «АктобеСтройЭксперт» ЖШС.
• Аудандық мұрағат және мұражай ғимаратының құрылысы – сметалық құны 1 283,6 млн теңге, мердігер «Бабэк құрылыс» ЖШС, аяқталу мерзімі – 2026 жыл.
• Көктау ауылында 150 орындық клуб – 130,4 млн теңге, 2025 жылы пайдалануға берілді.
• Хромтау қаласы әкімшілік ғимараты қайта жаңғыртылды – 282,0 млн теңге, 2025 жылы пайдалануға берілді.
• Өрт сөндіру бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді – 362,3 млн теңге, 2025 жылы пайдалануға берілді.
Инфрақұрылым және жобалар
• Хромтау қаласында индустриялық аймақ құруға ЖСҚ әзірленуде (әкімшілік ғимарат, инженерлік желілер, электрмен қамту).
• 22 тұрғын аудан бойынша кәріз желілері мен тазарту құрылымының ЖСҚ әзірленуде.
2025 жылғы жоспарлар
• Орталық аудандық аурухананың қасбетін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу.
• Қопа, Көктау, Бөгетсай, Ақжар ауылдарында өрт сөндіру деполарына ЖСҚ әзірлеу.
• Бірқатар ауылдарда мал қорымдары құрылысына ЖСҚ әзірлеу және құрылыс жұмыстарын бастау.
• Құдықсай ауылында «Дәулет» ШҚ нысандарын газбен жабдықтау жұмыстары (45,1 млн теңге).
Қорытынды: 2025 жылы құрылыс көлемі өсіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысандар пайдалануға берілді, жаңа стратегиялық жобалар іске асырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kopa/press/news/details/1166262?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау