19 ақпанда Астана қаласында жас өнертапқыштарға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару және робототехника дағдыларын дамытуға бағытталған «AITU KazRoboDrone 3.0» дронрейсинг және авиамодельдеу бойынша халықаралық байқауы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанда ұшқышсыз авиация саласын дамыту және кеңінен насихаттау, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.

Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушісі, өңірлік кезеңнің жеңімпазы Феклистов Константин авиамодельдеудің F-1-N сыныбы бойынша Қазақстан мектеп оқушылары арасында ІІ орынға ие болды. Жеңіске деген ұмтылыс, табандылық, ұқыптылық және ерік-жігер жас авиамоделистің табысқа жетуіне ықпал етті деп есептейді оның жетекшісі – қосымша білім беру педагогі, ұлттық төреші, авиамодель спорты бойынша спорт шебері Соц С.Ф.

Авиамодельдеу үйірмесіне қатысқан екі жыл ішінде жас спортшының жетістіктер қоржынына Қазақстан мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасында ІІ орын, техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық жарыстарында І орын және «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңінде І орын енді.

Константинді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – үлкен жетістіктердің бастауы болсын. Алдағы уақытта оның авиамодельдері бұдан да биік белестер мен жаңа рекордтарды бағындырсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1166832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version