
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанда ұшқышсыз авиация саласын дамыту және кеңінен насихаттау, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушісі, өңірлік кезеңнің жеңімпазы Феклистов Константин авиамодельдеудің F-1-N сыныбы бойынша Қазақстан мектеп оқушылары арасында ІІ орынға ие болды. Жеңіске деген ұмтылыс, табандылық, ұқыптылық және ерік-жігер жас авиамоделистің табысқа жетуіне ықпал етті деп есептейді оның жетекшісі – қосымша білім беру педагогі, ұлттық төреші, авиамодель спорты бойынша спорт шебері Соц С.Ф.
Авиамодельдеу үйірмесіне қатысқан екі жыл ішінде жас спортшының жетістіктер қоржынына Қазақстан мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасында ІІ орын, техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық жарыстарында І орын және «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңінде І орын енді.
Константинді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – үлкен жетістіктердің бастауы болсын. Алдағы уақытта оның авиамодельдері бұдан да биік белестер мен жаңа рекордтарды бағындырсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1166832?lang=kk

Жауап қалдыру