2026 жылғы 20 ақпанда Өскемен қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауға Алтай қаласының мектеп педагогтері қатысып, ауданның білім беру жүйесін лайықты деңгейде таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша Алтай қаласының №9 орта мектебі КММ мұғалімдері жоғары кәсіби деңгей көрсетті. Биология пәнінің мұғалімі Жұмагелді Р.Ж. І орынға ие болды. Информатика пәнінің мұғалімі Құрманғалиева Ә.Б. және бастауыш сынып мұғалімі Нурсалова М.К. ІІІ орын иегерлері атанды.

№9 орта мектеп педагогтерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта кәсіби табыс, шығармашылық өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1166833?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді