2026 жылғы 20 ақпанда Үржар ауданының аумақтық референдум комиссиясында 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында референдумға дайындық жұмыстарының барысы, учаскелердің дайындығы, ақпараттық-түсіндіру шаралары және заң талаптарының сақталуы қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комиссия мүшелері дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық шараларды талқылады. Сонымен қатар сайлаушылардың белсенділігін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын көтеру және байқаушылармен өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, референдумды заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейде өткізу міндеті қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1167207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version