Қабанбай ауылында көктемнің жаршысы саналатын «Масленица» мерекесі кең көлемде, ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Ауыл тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға жиналып, ұлттық дәстүр мен достықтың айқын көрінісіне куә болды.
Мерекелік шара барысында Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ славян этно-мәдени орталығының өнерпаздары өздерінің концерттік нөмірлерін ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, мерекеде ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі сайыстарға белсенді түрде қатысты. Арқан тарту, күш сынасу, көңілді эстафеталар мен басқа да ойындар көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Қатысушыларға мерекелік тағамдар ұсынылып, Масленицаға тән дәстүрлі дәмдерден ауыз тию мүмкіндігі жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1166855?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау