Әділет министрлігінде Қазақстанда зияткерлік меншік саласында тренинг орталығын құру мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Әділет министрлігінде зияткерлік меншік саласында мамандандырылған тренинг орталығын құру мәселесі бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Академиясы өкілдерімен кездесулер өтті.
ДЗМҰ Академиясы мүше мемлекеттерге зияткерлік меншік саласында оқу орындарын құру арқылы сапалы, тұрақты және қолжетімді білім беру қызметтерін ұсынуда қолдау көрсетеді.
Қазіргі уақытта ДЗМҰ әлем бойынша осындай 29 орталықтың ашылуына жәрдем көрсеткен. Бұл орталықтарда 978 279 қатысушыға арналған 13 500-ден астам іс-шара өткізілген.
Жоба зияткерлік меншік саласындағы білім беруді жүйелеу арқылы инновациялық экожүйелерді нығайтуға, білікті мамандарды даярлау арқылы коммерцияландыру мен технологиялар трансферін қолдауға бағытталған.
Орталықтың ашылуы зияткерлік меншік саласында заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ.
Талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының және креативті индустрия өкілдері қатысуда. Төрт күн ішінде ДЗМҰ Академиясының өкілдері Астана және Алматы қалаларында кездесулер өткізіп, орталықтың тұжырымдамасын, негізгі қызмет бағыттарын және оқыту форматтарын қарастырады. Сондай-ақ орталықты іске қосудың практикалық тетіктері және білім беру бағдарламаларына үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу мақсатында ДЗМҰ Академиясымен халықаралық әріптестік форматтары талқыланады.
Орталық мемлекеттік қызметшілер мен сарапшылардың біліктілігін арттыру алаңына ғана емес, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы саласындағы мамандарды даярлауға, бизнес және креативті индустрия өкілдерін оқытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған платформаға айналады деп күтілуде.
Орталықты құру практикаға және цифрлық экономиканың заманауи сын-қатерлеріне бағдарланған кәсіби оқытудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, ҚР кадрлық әлеуетті қалыптастыру жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде. Атап айтқанда,
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап елде ДЗМҰ Академиясымен бірлесіп «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» магистрлік бағдарламасы іске асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1167699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version