Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілген режимде рейдтік жұмыстар жүргізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Рейд барысында:
-
Көлік жүргізу құқығы жоқ кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарғаны анықталды. Аталған дерек бойынша көлік иесіне және жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
-
Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүрген бірнеше жасөспірім анықталды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы және өзге де тиісті баптар негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DVDbuDeitnf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1166815?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау