Егіс алқаптарын әртараптандыру: Олжас Бектенов экспортты ұлғайту үшін жоғары сұранысқа ие дақылдар өндірісін кеңейтуді тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын биыл да жалғастыру қажеттігін атап өтіп, жоғары сұранысқа ие дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге ерекше назар аударды.

Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын биыл да жалғастыру қажет. Көбірек табыс әкелетін, әсіресе экспортқа шығатын және нарықта жоғары сұранысқа ие дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге ерекше назар аудару керек. Бұған дейін мен суды көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартуды тапсырған болатынмын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарға өңірлерде озық ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, құрғақшылыққа төзімді технологияларға көшу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1168054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version