Жетісуда электр дабылы қосылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертең, 25 ақпанда сағат 11:00-де Жетісу облысында халықты құлақтандыру жүйесін жоспарлы техникалық тексеру жүргізіледі. Тексеру аясында электр дабылы қосылады. 

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл іс-шара дабыл құрылғылары мен жүйесінің дайындығын тексеруге бағытталған. Шараны ұйымдастырушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын үрейленбеуге және түсіністікпен қарауға шақырады. 

“Назар аударыңыз, бәріңізге!” дабылы іске қосылғанда әрекет ету тәртібі

Шынайы төтенше жағдай кезінде дабыл қосылғаннан кейін мынадай ережелерді ұстанған жөн: 

Егер үйде болсаңыз:

  • радионы немесе теледидарды қосыңыз;
  • ресми хабарламаны мұқият тыңдаңыз;
  • берілген нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіңіз.

Егер көшеде болсаңыз:

  •  көшедегі дауыс ұлғайтқыш немесе құлақтандыру мобильді құрылғысы арқылы ақпаратты тыңдаңыз;
  • жедел қызметтің нұқсқаулықтарын орындаңыз.

Мұндай тексерулер жасау азаматтық қорғаныстың маңызды бөлігі және төтенше жағдай туындаған жағдайда халықты дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік береді.

Жетісу облысының ТЖД мәліметі бойынша. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1168098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version