2026 жылғы 24 ақпан күні Жетісу облысы Қаратал ауданы Қаражиде ауылындағы Елтай орта мектебінде мектеп оқушылары арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау деңгейін арттыру, сондай-ақ ұлттық ойындарды насихаттау болды.
Жарысқа мектептің әр сынып оқушылары белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, тапқырлық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр ойын түрі бойынша тартысты бәсеке өтіп, нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері арнайы дипломдармен және марапаттармен наградталды.
Мектеп әкімшілігі жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да білім мен спортты ұштастыра отырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1167897?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау