Бүгін Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен ашық форматтағы кездесу өтті. Маңызды жиын «Мансап» орталығы ғимаратында ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары, жастар және түрлі сала өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын жеткізу және тұрғындармен ашық пікір алмасу болды. Іс-шара барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары жөнінде толық ақпарат алды.
Кездесуге арнайы келген спикерлер қатарында Рысбаева Сауле Макшановна, Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлы, Аккозиев Рахман Сейілханович және Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы болды. Спикерлер өз сөздерінде Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарға кеңінен тоқталып, ұсынылып отырған реформалардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында Конституция жобасында қарастырылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру және қоғамның саяси жаңғыруына бағытталған бастамалар туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына ықпал ететіні және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Спикерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Ашық пікір алмасу тұрғындар мен ұйымдастырушылар арасында өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік берді.
Жиын барысында ел болашағына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, заңнамалық өзгерістердің қоғам дамуына ықпалы талқыланды. Мұндай мазмұнды кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жол ашады.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1168209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау