11.02.2026 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы І.Бердібековпен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг» университетінің студенттеріне «Тауар таңбасы, оны қорғау және тіркеу», сонымен қатар жастар арасында мемлекеттік қызметті дәріптей отыра, мемлекеттік қызметшінің беделін сипаттау мақсатында «Департаменттің кәсіби бағдарлау бағыты» тақырыптарында дәріс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.
Сонымен қатар, студенттердің заң бойынша көкейтесті сұрақтарына мамандармен қолданыстағы заң нормаларына сайкес жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1167999?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау