«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» қалалық байқауына шақырамыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 сәуір мен 1 маусым аралығында қалалық байқау өтеді. Байқауға қала кәсіпкерлері мен кәсіпорын иелері, жеке тұлғалар және жарнама агенттіктері қатыса алады. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің жарнама мәтіндерінде сауатты қолданылуын насихаттау және тіл мәдениетін арттыру.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар: орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерсіз мемлекеттік тілде жазылған жарнама болуы қажет. Анықталған жеңімпаздар диплом, арнайы сыйлықтармен марапатталады және облыстық кезеңге жолдама алады.

Қатысу тегін!

Ұйымдастыру комитеті: «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Мекенжайы: Балқаш қаласы, Абай көш., 32, тел.4-77-51, 87785467685.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1167749?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version