Прокуратура органдарының цифрлық сервистері мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 17 ақпанында Атырау облысы Әділет департаментінде «ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастырған прокуратура органдарының цифрлық сервистері мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды прокуратура органдарының ақпараттық жүйелері мен электрондық сервистерінің мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ оларды қолданудың практикалық аспектілерін талқылау болды.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұлдыз Онайбекқызы, облыс прокурорының бірінші орынбасары Елдос Тоқтасынұлы, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғалым Мейрамғалиұлы, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасары Арман Тастемірұлы, облыстық адвокаттар алқасының заң консультациясының меңгерушісі Рустам Талғатұлы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, әділет органдарының, адвокаттар қауымдастығының өкілдері және ақпараттық жүйелермен, қылмыстық сот өндірісінің электрондық форматтарымен жұмысқа тартылған өзге де мүдделі қатысушылар қатысты.

Кездесу барысында Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Меруерт Амангелдіқызы қылмыстық процесті цифрландырудың маңыздылығын және мемлекеттік органдар мен адвокаттар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті. Департаменттің аға прокуроры Ақмарал Қамбарқызы баяндама жасап, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің және оның жария секторының жұмыс істеу мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1167747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version