Жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын кірісін азайту

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жұмыскердің төлем көзінен салық салынатын кірісі мынадай кірістерге азайтылады:
-əскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты əскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, азаматтық қорғау органдары қызметкерінің кірістері;
-əскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу жəне нысанды киімді киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;
-429-баптың 3) тармақшасы 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
-«Астана Хаб» қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар жұмыскерлерінің кірістері;
-«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» жəне «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес төлемдер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1166868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version