А. Ертаев азаматтарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің түрлі өңірлерінен келген қазақстандықтардың өтініштерін қарады.

Азаматтар министрге мүгедектік тобын белгілеу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелерімен, сондай-ақ инватакси қызметіне қатысты ұсыныстарымен жүгінді.

Министр өтініштерді тыңдай отырып, әрбір мәселе бойынша толық түсініктеме берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алып, министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде шешуге жәрдемдесуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1169450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version