Қауіпті сапар: Текелі қаласында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас күйдегі жүргізуші ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Текелі қаласында полиция қызметкерлері жоспарлы патрульдеу барысында қозғалысы күдік тудырған автокөлікті тоқтатты.

Тексеру кезінде Opel Astra автокөлігін 30 жастағы жергілікті тұрғынның басқарғаны анықталды. Жүргізушінің мас күйде болғаны белгілі болды. Автокөліктің салонында оның жұбайы да отырған. Заң талаптарын және жол қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын елемей, жүргізуші жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Сондай-ақ тексеру барысында аталған азаматтың бұған дейін сот шешімімен жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол тиісті қорытынды жасамаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жыл басынан бері Жетісу облысында жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас күйде қайтадан көлік тізгіндеген алты жүргізуші анықталып, ұсталды.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң жауапкершілік көзделген — ірі көлемдегі айыппұлдар мен қоғамдық жұмыстардан бастап, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызмет түрлерімен айналысу құқығынан өмір бойына айыруға дейін.

❗ Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау — әр азаматтың міндеті. Жолдағы қауіпсіздік әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1169449?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version