Өткен жылдың қыркүйек айында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесті.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде көлік полицейлері 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде пирролидиновалерофенон (a-PVP, «ск-скорость» деп аталатын) есірткі заты табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 476 грамды құрады.
Алдын ала бағалау бойынша, есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 12,5 миллион теңгені құрайды. Осылайша көлік полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясының одан әрі таратылуына жол бермей, оның жеткізілуінің ішкі арнасын жойды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
2026 жылғы ақпан айында Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты айыптау үкімін шығарды. Сотталушы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көліктегі ПД есірткі құралдарының заңсыз айналымы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынын және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1169414?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау