Қазақстан мен Финляндия архив ісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хельсинки, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Ұлттық архивінің директоры Пайви Хаппоненмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар архив ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, архив қорларын цифрландыру тәжірибесін бөлісу, құжаттық мұраларды сақтау мен оларға қолжетімділікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті архиві мен Финляндия Ұлттық архиві арасындағы жүйелі серіктестік орнату перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру, екі елдің тарихи-құжаттық мұрасын насихаттауға бағытталған тақырыптық фотокөрмелер ұйымдастыру, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру мен озық архивтік тәжірибелерді енгізу үшін мамандарды тұрақты түрде алмастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу аясында қазақ дипломаты фин тарапқа 2026 жылғы 8 – 12 маусымда Астанада өтетін 3-ші Халықаралық архившілер конгресіне қатысуға ресми шақыру табыс етті.

Аталған кездесу Қазақстан мен Финляндияның архив ісі саласындағы серіктестікті тереңдетуге және тарихи-құжаттық мұраны болашақ ұрпаққа сақтау жолында өзара ниетін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1169416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version